Қытайлық ағайындылар сегіз жыл бойы жалған айфондарды шынайысына айырбастап келген

Жарияланды
Apple швғындары — $6 млн

Қалифорниялық Сан-Диего қаласында Қытайдан келген ағайындылар жетекшілік еткен қылмыстық топ жалған айфондарды шынайысына айырбастап, Apple компаниясына $6,1 млн-нан астам сомаға залал келтірген. Бұл турасында The San Diego Union-Tribune басылымы жазыпты.

Ағайынды Житинг ЛяоЖивей Луп Ляо және Жимин Ляо Apple-нің жалған техникасына тапсырыс беріп, оларды Apple Store-де жаңасына айырбастап отырған. Дүкенде олар құрылғы істен шықты немесе ақауы бар дегенді алға тартқан. Айырбастап алынған түпнұсқадағы тауарды олар Қытайға жіберіп, сол жақта сатып отырған.

Осы іспен айналысқан прокурор оны өз қаласындағы ең үлкен алаяқтық деп атады. Қытайға барлығы 10 мыңнан астам түпнұсқадағы iPhone мен iPad жіберілген.

Қазір ФБР 14 қылмыскердің 11-ін құрықтаған. Үш қаскүнем ізін суытып үлгеріпті.Қылмыскерлердің басым бөлігі АҚШ-тың, Қытайдың және Вьетнам мен Ресейдің азаматтары.

ФБР тергеушілер алаяқтардың екі кәсіпорны мен бес үйінде тінтулер жүргізіп, $250 мыңға жуық және 90 айфон тәркілеген.

Сондай-ақ оқыңыз