Тоқаев өз тапсырмаларының баяу орындалып жатқанына наразылық білдірді
Жарияланды
Атап айтқанда, латифундистердің жерін алу бойынша
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет оның латифундистерден ауылшаруашылығы жерлерін алу жөніндегі тапсырмасын орындамай отырғанына наразылық білдірді, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
«Менің тапсырмам бойынша жұмыс өте баяу жылжуда. Олар барлығының сол қалпында қалуын қалайтындардың қысымына ұшырап, оны тежеп тастау жөнінде шешім қабылдаған сыңайлы», – деді мемлекет басшысы шенділерге қарата.
Президенттің айтуынша, ол өзінің Жолдауында жерді өңдеумен айналыспайтындардан алу жөнінде тапсырма берген.
«Бұл өте байыпты тапсырма, ол қызыл сөз үшін айтылған жоқ. Жеткен жеріміз осы ма, адал, еңбекқор фермерлердің, шаруалардың еңбек ететін жері, малын бағатын жайылымы жоқ», – деді Тоқаев.