ЕАЭО-ның қаржы реттеушісі Алматыдан орын тебеді
Қазақстан қаржыгерлерінің күніне арналған конференцияда Ұлттық банк төрағасы 2025 жылы ЕАЭО-ға қатысушы-мемлекеттердің ортақ қаржы нарығын реттеу жөніндегі ұлттық деңгейден жоғары тұратын органның құрылатынын хабарлады.
Ерболат Досаев атап өткендей, жаңа реттеуші қалада ҚР Ұлттық банкінің және Қаржы нарығын дамыту жөніндегі агенттіктің тұрақты өкілдігімен жұмыс істейтін болады.
«2025 жылы Алматыда ЕАЭО-ға қатысушы-мемлекеттердің ортақ қаржы нарығын реттеу жөніндегі ұлттық деңгейден жоғары тұратын орган құрылады. Ұлттық банк Алматыда тұрақты өкілдігін ашады. (…) Сірә, қала қаржы қорлары шоғырланатын және бизнестің дамууына, сондай-ақ инвестициялар тартуға қолайлы орталық болады», – деп атап өтті Ерболат Досаев.
Сонымен қатар, спикер Халықаралық валюта қорының Алматыдан Орталық Азия, Кавказ елдеріне және Монғолияға техникалық көмек берудің аймақтық орталығын ашуға ниетті екенін хабарлады.