Халық қолдамаса, Лукашенко билікке жабысуға ниетті емес

Жарияланды
Бірақ ол 2020 жылы Беларуссияда өтетін президент сайлауында өз кандидатурасын ұсынады

Белорус көшбасшысы Александр Лукашенко 2020 жылы өтетін келесі  президент сайлауына қатысуды жоспарлап отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Интерфакс.

«Ол сайлауда мен өз кандидатурамды ұсынамын, бірақ сіздердің үзілді-кесілді қарсы екендеріңізді сезетін болсам, мен, әрине, уайымдайтын боламын, бірақ соған қарамастан, сіздер менің кандидатурамды сайлауда қабыл алмауларыңыз керек», – деді Лукашенко журналистерге Минскіде жексенбіде.

Айтуынша, егер сайлауда қолдауға ие болмаса, ол ренжімейді.

Алайда «егер сіздер тұрақтылықты, бүгінгі тұрмысымызды, мемлекетіміздің дамуын, жайшылықты бағаласаңыздар, өздеріңізді сатып, егемендік пен тәуелсіздікті бір жерге тығып тастамасын десеңіздер, сіздер маған келіп: президент, сен әлі күйлі-қуаттысың, сайлауға түс, деулеріңіз керек», деді сөзін жалғастырған президент.

Лукашенко келесі президент сайлауын 2020 жылғы жазда, «тамыздың соңы – шекті мепрзім» өткізген жөн, деп ойлайды. Елдің көпшілігі демалыста болады деген ескертулерге қатысты пікір білдірген президент, ниетті адам қалайдадауыс береді, дегенді алға тартты.

Мемлекет басшысы президент сайлауы қарсаңында конституцияны өзгерту «ақымақтық болады», деп атап өтті.

Естеріңізге салсақ, Лукашенко Беларусь Республикасын 1994 жылдан бері басқарып келеді.

17-қарашада елде Ұлттық жиналыстың Өкілдер паластасының сайлауы өтті.

Сондай-ақ оқыңыз