Өзбекстан нарықтық реформаларға қолдау көрсетуге $500 млн қарыз алмақшы

Жарияланды
Қаржыны Қайта құрылымдау мен дамудың дүниежүзілік банкі беретін болды

Өзбекстан нарықтық реформаларға қолдау көрсету үшін Дүниежүзілік банк бөлімшесі – Қайта құрылымдау мен дамудың халықаралық банкінен (ҚҚДХБ) $500 млн қарыз алмақшы. Бұл турасында президенттің 13-қарашадағы «Өзбекстандағы нарықтық рефомаларға қолдау көрсету жобасын Дүниежүзілік банктің қатысуымен жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысында айтылған.

Құжатта атап өтілгендей, несиені өтеу мерзімі 5 жылдық жеңілдік мерзімін қосқанда,  2049 жылға дейін, 30 жылды құрайды. Проценттік ставка – алты айлық LIBOR + 1.3%.

«1,3 проценттік тиянақталған ставканы, сондай-ақ осы займ бойынша төлеуге жататын проценттерді назарға ала отырып, займ бойынша жылдық мөлшерлеме 4,1 процент деңгейінде қабылданды», – делінген қаулының қосымшасында.

Заём Өзбекстан мемлекеттік бюджетінің шығындарын қаржыландыруға бағытталады, атап айтқанда, ел аймақтарындағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға.

Естеріңізге салсақ, ағымдағы жылғы шілденің соңында ҚҚДХБ Өзбекстанға $100 млн көлемінде орташа қлалаларды дамыту жобасын жүзеге асыруға заем берге болатын, ол қаржы Ташкент облысындағы Янгиюля, Бұқара облысындағы Кагана және Наманған облысындағы Чартака қалаларын дамытуға жұмсалды.

2018 жылғы мамырда ҚҚДХБ Өзбекстанға «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың энергиялық тиімділігін арттыру» жобасын жүзеге асыруға $50 млн АҚШ долларын бөлген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз