Қазақстан премьер-лигасының келесі жылғы толық құрамы анықталды
Жоғары дивизионда 10 орынды және бірінші лигада 3-орынды иеленген командалар арасындағы ақтық сын мәресіне жетті.
«Тараз» өз алаңында 3:1 Оралдың «Ақжайығынан» басым түсіп, келесі жылға элиталық топтағы өз орнын сақтап қалды.
Алаң иелері тез есеп ашуға қол жеткізіп, ойынның 27-минутына қарай, үш доп соғып, сенімді түрде алға шықты.
«Ақжайықтың» бар қолынан келгені, қарсыластар қақпасына қарымта ретінде бір гол соқты. Командалар арасындағы алғашқы ойын 15-қарашада өтіп, 0:0 есебімен тең аяқталған болатын.
Естеріңізге салсақ, 2019 жылы, осымен қатарынан алтыншы рет алтын медальдарға қол жеткізген «Астана» командасы Қазақстан чемпионы атанған-ды. Күміс жүлде алматылық «Қайратқа» бұйырса, үшінші орынды Шымкенттің «Ордабасы» иеленді.
Ал «Ақтөбе» мен «Атырау» ҚПЛ-мен қош айтысып, олардың орнын бірінші лига жеңімпаздары ақтаулық «Каспий» мен петропавлдық «Кызыл-Жар СК» басты.