Токаев Швейцария президентімен кездеседі
Жарияланды
Ули Маурер Қазақстанға сапармен келуді жоспарлап отыр
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Швейцария президенті Ули Маурер 21-22-қараша аралығында Қазақстанға ресми сапармен келмек.
Президент Тоқаевтың баспасөз хатшысы хабарлағандай, швейцариялық делегацияның құрамына бизнес өкілдері кіреді.
«22-қарашада «Ақорда» резиденциясында мелекет басшыларының екеуара және кеңейтілген форматтағы келіссөздер жүргізуі жоспарланған, олардың барысында екі тараптың саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы әріптестігінің қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланбақ», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Ули Маурер Қазақстан үкіметінің басшылығымен кездеседі және екі елдің іскерлік ортасы қатысатын «дөңгелек үстелде» сөз сөйлейді, деп күтілуде.