Қазақстанның қанша спортшысы допингке қарсы заңды бұзды?

Жарияланды
Олардың саны ондап саналады

Қазақстандық споршылардың допингке қарсы заңнаманы қанша рет бұзғаны мәлім болды.

Елімізде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды. Соған сәйкес, допингке қарсы ұлттық агенттік жыл сайын 3 мыңға жуық сынама алса, солардың әрбір үшіншісі күдік тудырады.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ақпараты бойынша, 2019 жылдың 10 айында қазақстандық спортшылар допингке қарсы ережелерді 37 рет бұзған. Соңғы алты жыл ішінде 307 спортшы күдікке ілініп, WADA-ның (Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік) шешімі бойынша шеттетілген немесе дисквалификацияға ұшыраған.

Соңғы рет қазақстандық спортшылардың тыйым салынған препаратты пайдаланғаны жайлы ең шулы оқиға 2019 жылдың ақпан айында орын алған еді. Шаңғымен сырғанаудан Австрияның Сеэфельд қаласында өткен әлем біріншілігінде ұлттық құраманың көшбасшысы Алексей Полторанинге қан допинг деп аталатын эритропоэтинді (ЭПО) қолданды деген айып тағылған.

Полторанин және Австрия, Эстониядан келген тағы 4 шаңғышы, олардың бапкерлері мен дәрігерлеріне қатысты іс әлі қаралып жатыр. Олардың допинг қолданғаны дәлелденсе, спорттан өмір бойы шеттетіліп қана қоймай, сотталуы да мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз