Сайлау туралы заңды өзгерту жөнінде референдум өткізу ұсынылды

Жарияланды
Бастамашыл топ Орталық сайлау комиссиясына өз ұсыныстарымен шыққан

Орталық сайлау комиссиясына республикалық референдум өткізу жөніндегі бастамашыл топ өтініш берді, деп хабарлайды ОСК баспасөз қызметі.

Құрамында Н.Есқалиев,  А.Әбдіхалықова, М.Дәрібеков сынды азаматтар бар бастамашыл топ Орталық сайлау комиссиясының қарауына бастамашыл топ пен олардың референдумға ұсынған мәселесін тіркеу құжаттарын ұсынды.

Бастамашыл топтың ұсынысы бойынша, референдумда келесі қарастырылмақ:

1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізуге, оның ішінде пропорциялық жүйемен, тең мөлшерде бір мандатты округтер бойынша сайлау жүйесін енгізуге келісесіз бе?

2) «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізуге, оның ішінде партияны мемлекеттік тіркеу кезінде оның мүшелерінің санын қырық мыңнан бір мыңға дейін азайтуға келісесіз бе?

Аталған құжаттарды ҚР Орталық сайлау комиссиясы «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заң талаптарын сақтай отырып, белгіленген мерзімде қарайтын болады.

Сондай-ақ оқыңыз