Канело өзінің басты қарсыласы Головкин екенін мойындады

Жарияланды
Сауль Альварестің менеджері солай деп мәлімдеді

Golden Boy компаниясының матчмейкері Эрик Гомес өзінің клиенті Сауль Альварестің қазақстандық боксшыны келесі жекпе-жек өткізу үшін ең лайықты қарсылас деп есептейтінін мәлім етті Бұл турасында Yahoo хабарлады.

«Келесі жекпе-жекке ең лайықты қарсылас нұсқасы? GGG. Ол Канеломен екі тамаша кездесу өткізді. Фанаттар әбден риза болды. Екі жігіт бір бірін аямай тоқпақтады, олардың текетіресі керемет өтті. Олар бір бірі үшін жаралғандай», – деді Гомес.

Естеріңізге салсақ, алдын ала келісім бойынша, Сауль «Канело» Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы үшінші жекпе-жекті өткізу 202  жылғы қыркүйекке белгіленген. Бұл боксшылар арасындағы алғашқы кездесу тең аяқталса, екінші жекпе-жекте төрешілердің бөлінген дауысымен мексикалық жеңіске жеткен-ді.

Осының алдындағы жекпе-жегін Головкин 2019 жылғы 6-қазанда IBF и IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткізіп, украиндық Сергей Деревянченконы жеңген болатын.

Ал Альварес 2-қарашада ресейлік Сергей Ковалевті нокаутқа түсіріп, одан жартылай ауыр салмақтағы WBO чемпионы атағын тартып алған-ды.

Сондай-ақ оқыңыз