Қазақстанда қонақүй қызметі қымбаттады

Жарияланды
Қонақүйлердің неғұрлым көп саны Шығыс Қазақстан облысында шоғырланған

Бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша туристер мен келушілерге қызмет көрсетуге 3,54 мың қонақүйлер, мотельдер, пансионаттар және тағы басқалары ұсынылды, бір жыл бұрын олардың саны 3,16 болатын. Жылдық өсім 12%-ды құрады делінген Finprom.kz. жүргізген зерттеуде.

Өңірлер бойынша алғанда, олардың неғұрлым көп мөлшері Шығыс Қазақстан (547 қонақүйлері, демалыс үйлері және т.б., бір жылда +4,6%), Алматы (536 орналастыру орны, бір жылда +11,7%) және Ақмола (384 бөлмелер, +32%) облыстарында шоғырланған.

ҚР бойынша орналасудың негізгі орындары — мейрамханасы жоқ қонақүйлер (жалпы санның 38%), бунгало, шале және коттедждер (30%), мейрамханасы бар қонақүйлер (20%).

2_66.png

Қонақүй қызметі бір жылда 11,6%-ға артып, ағымдағы жылғы қазанның қорытындысы бойынша бір тәулік тұру құны 10,5 мың теңгеге жеткен.

Сонымен қатар, санаторийлер қызметі де қымбаттаған: 2018 жылғы қазанмен салыстырғанда, 7,1%-ға артып, тәулігіне 10,6 мың теңгеге дейін жеткен.

3_52.png

Сондай-ақ оқыңыз