Инвестиция

Қазақстанда жиһаз қымбаттады

Баға бір жылда 6%-ға көтеріліпті

Қазақстан Республикасы бойынша үйге арналған жиһаз бағасы 2019 қазанға қарай, орташа есеппен, 0,4%-ға өссе, жыл басынан бері қымбаттау 4,8%-ды, бір жылда 6,1%-ды құраған, деп жазады Energyprom.kz.

10 айдың қорытындысы бойынша, 2018 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда, үйге арналған жиһаз бағасы 6%-ға өскен.

2019 жылғы қаңтар-қазанда жиһаз өндірісі ақшаға шаққанда, 31,2 млрд теңгені құраған, бұл өткен жылдың тиісті мерзіміндегіден 1,1% аз. Сол десек те, өнеркәсіптік өндіріс индексі 101,1%-ға тең болған (бір жыл бұрын ол 103,9%-ды құраған).

Жалпы,  2018 жылы жиһаз өндірісінің көлемі 38,6 млрд теңгені құрады, бұл 2017 жылғыдан 11,2% аз, ал өнеркәсіптік өндіріс индексі 103,1%-ға тең болған.

1_65.png

Республика бойынша жиһаз өндірісінің 43%-ға жуығы Алматы қаласы мен Алматы облысының үлесіне тиесілі: Алматы қаласы — 9,9 млрд теңге, жылдық өсім 5,4%-ды құраған; Алматы облысы — 3,4 млрд теңге, былтырғыдан 11,9% аз.

2_67.png

Сонымен қатар, жиһаз өндірудегі айтарлықтай өсім Түркістан (66,5%-ға, 1,5 млрд теңгеге дейін) және Батыс Қазақстан (60,5%-ға, 2,2 млрд теңгеге дейін) облыстарында байқалған. Өндірістің елеулі қысқаруы Ақтөбе облысында тіркелген: мұнда жиһаз өндіріс 58,8%-ға азайып, 311,5 млн теңгеге дейін құлдыраған.

3_53.png