Қазақстандық футбол федерациясының (ҚФФ) отырысында Еуразиялық эконоикалық одақ елдері атынан өнер көрсететін ойыншыларға қатысты барлық шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылданды.
Келесі маусымнан жарыс регламентіне «легионер» деген ұғым қайтарылатын болады. Оған Қазақстан немесе ЕАЭО елдерінің – Ресейдің, Беларусьтің, Қырғыстанның және Арменияның азаматы болып табылмайтын кез келген футболшы жатады. Осы елдердің футболшылары шетелдік болып есептелмейді және отандық ойыншылармен тең құқықты болады.
«ҚФФ атқару комитетінің мүшелері Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) кіретін елдердің азаматтарынан «қазақстандық футболдың түлегі емес» деген мәртебенің күшін жою туралы шешім қабылдады», – деп хабарланған Қазақстандық футбол федерациясының сайтында.
2020 жылдан премьер-лига клубтарының тапсырыс парағына қазақстан футболы түлектеріне, кем дегенде, 12 орын және легионерлер үшін 8-ден артық емес, орын болады. Қалған 10 орын елде өсірілген футболшыларға немесе клубтың шешімі бойынша ЕАЭО елдерінің өкілдеріне беріледі.
Алаңдағы ойын уақытын шектеуге келетін болсақ, ондай шектеу біреу ғана болады – алаңда 6 легионерден артық болмау керек. Бірінші лига клубтарының тапсырыс парақтарының құрылымы да осылай өзгертілді: 18-ден кем емес орын жергілікті түлектерге, 3 орын – легионерлерге, қалған 9 орын – клубтың қалау бойынша еркін тапсырыс жасау үшін (ҚР немесе ЕАЭО елдері азаматтары).
Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын қазақстандық футболшылар Беларусь және ЕАЭО-ның басқа елдерінің чемпионаттарында шетелдік деп танылмайтын болған-ды.