Үлбі металлургиялық зауытына қарасты нысан жұмысшылары ауруханаға түсіп қалды

Жарияланды
Олардың басы айналып, жүрегі айныған

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ нысанында 2-қараша күні 12 қызметкер жедел жәрдем дәрігерлеріне  жүректері айнып,  басы айналғанына шағымданып, 11-і ауруханаға жатқызылған. «ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі жұмысшылардың дәрігерлер кғөмегіне жүгінгенін растады.

 «Өскемен шаруашылық басқармасы» ЖШС мердігер ұйымының қызметкерлері ауруханаға жатқызылды. 11 адам ауруханада дәрігерлердің бақылауында, біреуі ауруханаға жатудан бас тартты. Қазіргі кезде екі-үш күннен кейін дайын болатын талдау нәтижелерін күтіп отырмыз. Мамандардың алдын-ала жасаған қорытындысы бойынша, барлық жұмысшылардың жағдайы қанағаттанарлық», – деп хабарлады «ҮМЗ» АҚ. 

Сондай-ақ, кәсіпорын  өкілдері «Өскемен шаруашылық басқармасы» ЖШС-ның денсаулығы нашарлаған жұмысшылары «ҮМЗ»АҚ аумағынан тыс жерде жұмыс істегенін атап өтті.

Айта кетейік, жақында әлеуметтік желілерде кәсіпорында апат болды деген ақпарат тараған еді. 

«Кәсіпорын мамандары оқиға орнындағы ауадан зертханалық сынама алды. Белгіленген нормадан ауытқу байқалмады. Сонымен қатар, кәсіпорын жұмысының технологиялық процестерінде ауытқулар болған жоқ. Кәсіпорынның барлық бөлімшелері, соның ішінде, қалдық шаруашылығы штаттық режимде жұмыс істейді», – деп, «ҮМЗ»АҚ-дағы жағдайға түсініктеме берді.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі де кәсіпорындағы жағдай туралы өтініш тіркелмегенін хабарлады. 

Сондай-ақ оқыңыз