Өзбекстанда жерге депутаттар иелік ететін болады
Өзбекстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді беру және алу жөніндегі өкілеттілік халық депутаттарының кеңгаштарына беріледі. Бұл турасында Конституция күніне арналған салтанатта Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев мәлім етті.
Бұдан бұрын жер мәселесі хокимдердің (аумақ басшылары) құзырында болған еді.
«Өздеріңіз білетіндей, осы уақытқа дейін жерді пайдалану құқығын беру немесе алу туралы шешімдерді хокимдердің өздері шығаратын. Хокимдердің ерекше өкілеттерін шектейтін кез келді, өйткені олар көптеген әділетсіздіктерге бастау болды. Бұдан былай, мұндай мәселелер тек сотта шешілетін болады», – деді республика басшысы.
Енді жер бөлу туралы шешімдердің барлығы тиісті сайттарда жарияланатын болады. Ал кәсіпкерлердің меншік құқығын заңсыз шектеу анықталған жағдайда олардың мүдделерін сотта бизнес-омбудсмен қорғайтын болады.
Естеріңізге салсақ, 22-желтоқсанда Өзбекстанда Заң шығарушы плпта мен жергілікті кеңгаштар депуттарының сайлауы өтеді. Келесі жылдан бастап, аумақ бюджетін қалыптастыру және қабылдау бойынша халық қалаулыларының өкілетері елеулі түрде кеңейеді. Бірыңғай салық төлемінен, мобильдік байланыс қызметінің және алкоголь өнімдерінің акциз салығынан түсетін қаржы жергілікті жерлерге берілетін болады. Қосымша табысты бөлумен халық депутаттарының кеңгаштары айналысады