Мәжілісмен Аманжан Жамалов үкіметтен қазақстандықтардың өз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану тетігін неғұрлым икемді етуді сұрап отыр.
«Бұл мәселеде бір жақты ұстаным болмау керек деп санаймын, сондықтан салымшылардың әр санатына олардың жас шамасына, табысына, ынтымақты зейнетақы алу құқығына, тұрғын үйдің болуына қарай, жетімділік деңгейін есептеудің икемді жүйесін жасауды ұсынамын.», – деді Жамалов 9-желтоқсанда Нұр-Сұлтанда баспасөз мәслихатында.
Ол қазір талқыланып жатқан нұсқаның тек жетімділік деңгейіне қол жеткізгендерге қатысты екенін атап өтті, ал ол, яғни жетімділік деңгейі ерелер үшін 8,2 млн теңге, ал әйелдер үшін – 10,1 млн теңге сомасында белгіленген. Бұл нұсқаға сәйкес, қазақстандықтар осы сомадан артық жинақталған қаржыны ғана пайдалана алады.
Мәжілісменнің деректері бойынша, жинақтары жетімділік деңгейінен асқан елдегі салымшылар саны бар-жоғы 90 мың адамды құрайды екен, ал бұл БЖЗҚ салымшыларының жалпы санының 1%-на да жетпейді. Жамалов мұндай шешім халық арасында елеулі түңілушілік тудырып, олардың көпшілігінің өздерін алданғандай күйде сезінетінін алға тартты.
Сонымен қатар, мәжілісмен бұл мәселеде үкіметке белсендірек қимылдау қажет екендігін атап өтті. Оның айтуынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде әлі күнге дейін азаматтардың өз жинақтарын тұрғын үй, білім алуға қалай пайдаланатыны туралы нақты түсінік жоқ көрінеді.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылғы 2-қыркүйете Қазақстан халқына арнаған жолдауында үкіметке жылдың аяғына дейін жұмыс істеп жатқан азаматтардың өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға және білім алуға мақсатты пайдалану мәселесін қарастыруды тапсырған болатын.