2020 жылы теңгені не күтіп тұр?

Жарияланды
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы сарапшыларының пікірі қандай?

Алдағы айларда  ұлттық валюта бағамы біршама әлсірейді. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сарапшылары осындай тұжырым жасап отыр. 

Желтоқсан айындағы сауалнама нәтижесінде, қаржы нарығының қатысушылары USD-KZT жұбы бойынша қаңтардың басында орташа бағам 1 долларға 387,9 теңге деңгейінде қалыптасады деген пікір білдірген. Сарапшылар, сонымен қатар, мұнай бағасы барреліне 62,6 долларға дейін төмендейді деп болжам жасап отыр. Қазір бір баррель мұнай бағасы – 64,2 доллар.  Сондай-ақ, жыл басында Ресей рублі де сәл-пәл арзандап, 1 доллар 63,80 рубльге сатылуы мүмкін. 

Базалық мөлшерлеме 

Қаржыгерлер қауымдастығының сарапшылары алдағы 12 айға ҚР ҰБ негізгі мөлшерлемесіне қатысты болжам жасады. Айталық, сауалнамаға қатысқандардың 61,1 пайызы негізгі мөлшерлеме көтеріледі деп күтсе, 33,3 пайызы ол төмендейді деген пікірде, тек 5,6 пайызы базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалады деп тұжырымдаған. Айта кетейік, кеше Ұлттық банк жыл соңына дейін базалық мөлшерлеме 9,25 пайыз деңгейінде болатынын хабарлаған еді. 

Мұнай және валюта бағамы

Әлемдік экономикадағы жағдай және ОПЕК-тің мұнай өндіруді қысқартуына байланысты, орта есепті мерзімде мұнай бағасы біршама қымбаттауы мүмкін. Мәселен, Brent маркалы мұнай бағасына қатысты болжам бойынша 12 айдан соң баға барреліне 60,3-тен 62,1 долларға көтерілуі ықтимал.
Мұнай бағасының өсуі теңге мен рубльдің АҚШ долларына қатысты бағамын қайта қарастыруға ықпал етеді. Айталық, АҚШ долларының теңге мен рубльге қатысты орта мерзімді болжам 2,2 және 3,8 пайызға жақсарды. Ал RUB-KZT жұбы бойынша болжам 1,0 пайызға нашарлады. 

Сондай-ақ оқыңыз