Қазақстанды «Сила Сибири-2-ге» қосуды жүзеге асыруға болады
Жарияланды
Бұдан бұрын, Досмұхамбетов осындай мүмкіндік туралы мәлімдеген-ді
Техникалық тұрғыдан Қазақстан «Сила Сибири-2» газ құбырына қосыла алады, бұл турасында Ресей сыртқы істер министрлігі ТМД елдері Үшінші департаментінің директоры Александр Стерник мәлімдеді.
«Мұндай мәселелерді ресми үндеу түскенде, талқылауға болады. Біздің білуімізше, техникалық тұрғыдан алғанда, мұндай қосылуды жүзеге асыруға болады», – деп хабарлайды Стерниктің сөзін келтірген «РИА Новости».
Бұдан бұрын, ҚР энергетика министрінің бірінші орынбасары Махамбет Досмұхамбетов Қазақстан «Силе Сибири-2» газ құбырына қосылу жолымен Шығыс Қазақстан облысын газдандыру мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп мәлімдеген болатын.