Қазахстандық НХЛ клубы бапкерлерінің штабына кірді
Хоккейден Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Евгений Набоков Ұлттық хоккей лигасы «Сан-Хосе Шаркс» клубы бапкерлерінің жаңа штабына кірді. Бұл турасында калифорниялық командасының ресми сайты хабарлады.
«Акулалардың» бас жаттықтырушысы Боб Бугнердің басшылығымен Өскемен хоккейінің түлегі қақпашылардың дайындығына жауапты болады.
Набоков «Сан-Хосе Шаркс» қақпашылары арасында өткізілген матчтардың саны (563), жеңістер саны (293) және қақпаға шайба жібермеген – «құрғақ» ойындардың саны бойынша (50) рекордсмен. НХЛ қақпашыларының рейтингісінде ол жеңістер саны (353) бойынша 20- және шатауттар (59) бойынша 18-орында тұр.
Евгений Набоков кәсіби мәнсабын 1992 жылы Өскемендік «Торпедоның »құрамында бастаған болатын, 1994-1997 жылдар аралығында мәскеулік «Динамоның» сапында өнер көрсетті. 1999 жылы Набоков «Сан-Хосе Шаркс» клубының хоккейшісі атанып, команда құрамында он жыл өнер көрсетті. Мәнсабының соңында ол Санкт-Петербуртің СКА, «Нью-Йорк Айлендерс» және «Тампу-Бэй Лайтнинг» командаларында ойнады.
Евгений Набоков – Ресей құрамасының сапында 2008 жылғы әлем чемпионы, 2006, және 2010 жылдардағы Олимпиада ойындарының қатысушысы.