Жаңалықтар

Қанат Бозымбаев – президент көмекшісі

Ол бұған дейін энергетика министрі қызметін атқарған

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды.2016 жылдан бері Энергетика министрі қызметін атқарып келген Қанат Бозымбаев ҚР президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

«Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметінен босатылсын», – делінген Ақорда сайтында жарияланған бұйрықта.

Ал президент көмекшісі міндетін атқарған Мәулен Әшімбаев президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары болды.