Мәулен Әшімбаев жаңа қызметке келді

Жарияланды
Ол президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Қазақстан президентінің жарлығымен, Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

«Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын»,– делінген жарлықта.

2019 жылдың 25 наурызынан ҚР президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болған Дархан Қалетаев қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының жарлығымен бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары болған Мадина Әбілқасымова. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз