Нұрлан Ноғаев ҚР энергетикасының жаңа министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Ноғаев Нұрлан Асқарұлы Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Атырауоблысы әкімі лауазымынан босатылсын», – делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.
Естеріңізге салсақ, Энегетика министрлігін 2016 жылдан бері басқарып келген Қанат Бозымбаев денсаулық жағдайына байланысты қызметінен босатылған-ды. Ол президент көмекшісі болып тағайындалды.
Нұрлан Ноғаев 1967 жылғы 30-шілдеде Ақтөбе облысында дүниеге келген.
Еңбек өтілі:і
– Қандыағаш станциясының электромонтері (1984);
– «Гили-Паскер» ЖШС-сінің аға эксперті, бөлім бастығы, бас директоры (1993-1995);
– «Отырар Лтд» шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары (1995-1996);
– «Қазақтүркіменмұнай» ЖШС-інің маркетинг жөніндегі инженері, маркетинг, мұнай және мұнай өнімдерін сату бөлімінің басшысы, бас директоры (1996-2006);
– «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ атқарушы директоры (02.2006-08.2006);
– Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры (08.2006-09.2007);
– Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (09.2007-04.2010);
– Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары (04.2010-01.2012);
– Батыс Қазақстан облысының әкімі (20.01.2012-26.03.2016);
– Атырау облысының әкімі (26.03.2016, өкілеті 2019 жылғы 17-маусымнан ұзартылған).