Тасмағамбетовтың ізбасарының аты аталды
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді үкімет қалтарысында Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың қызметінен босатылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kursiv.kz тілшісі.
Ол зейнет жасына жетуіне байланысты өз қалауымен қызметінен кетті, сондықтан ол сыртқы істер министрлігі жүйесінде қалмайды, деп ойлаймын», – деді журналистердің тиісті сұрағына жауап берген Тілеуберді.
Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы уақытша сенімді өкілінің міндеттерін кеңесші-уәкіл Нұржан Қажыақбаров атқаруда.
«Мен кеше арнайы бұйрыққа қол қойдым. Нұржан Қажыақбаров, елшіліктегі екінші адам, қазір ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сенімді өкілі міндеттерін атқарып жатыр. Ол елшілікте жұмыс істеген және жаңа елші Ресей президентіне сенім грамоталарын табыстағанша, осы міндеттерді атқаратын болады», – деді сөзін нақтылай түскен ҚР СыртқыІсМинінің басшысы.
Естеріңізге салсақ, Тасмағамбетов зейнет демалысына шықты, 9-желтоқсанда ол 63 жасқа толды.