2020 жылы қазақстандықтардың зейнетақысы мен жәрдемақылары қандай болмақ

Жарияланды
Ең төменгі күнкөріс шегі өзгереді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылы қазақстандықтардың зейнетақылары мен жәрдемақылары қаншалықты өсетіні туралы айтып берді  

Ведомствоның мәліметтері бойынша, ең төменгі жалақы 42 500 теңге деңгейінде қала береді. Ал ең төменгі күн көріс шегі, шамамен, 1500 теңгеге артып, 31 183 теңгені құрайды. 

2020 жылғы 1-қаңтардан бастап мемлекеттен қамсыздандырылған зейнетақы 7 процентке өседі, ал оның ең төменгі мөлшері 38 636 теңге болады. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 5 процентке өсіп, оның ең төменгі мөлшері 16 839 теңге болады.

Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері күнкөріс деңгейінің мөлшеріне, мүгедектіктің тобы мен оның себебіне, асыраушысынан айырылған жағдайда – асырауындағы адамдар санына және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшеріне сәйкес есептеледі. Сонымен, 2020 жылғы 1-қаңтардан бастап, асыраушысынан айрылуға байланысты мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері ең төменгі күн көріс құнының өзгеруіне байланысты 5 процентке өседі.

Мәселен, келесі жылдан бастап жалпы сырқаттық бойынша мүгедектікке берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобына байланысты 32 431 теңгеден 59 872 теңгеге дейін өсетін болады.

Асыраушысынан айрылғандарға берілетін жәрдемақы асырауындағы адамдар санына қарай, 26 818 теңгеден 65797 теңгеге дейінгі мөлшерде болады. Сонымен бірге, жетім балаларға әрқайсысы үшін 36 796 теңгеден беріледі, бірақ отбасының барлығы жұмысқа жарамсыз мүгедек мүшелері үшін 79 829 теңгеден аспайды.

Бала тууына байланысты біржолғы берілетін жәрдемақы бірінші, екінші және үшінші бала үшін де көбейеді: 100 776 теңгеге дейін (38 АЕК), төртіншісі үшін – 167 076 теңгеге дейін (63 АЕК).

Үйде бір жасқа дейінгі бала күтімімен отырған әйелдер үшін ай сайынғы жәрдемақы: біріншіге – 15 276 теңге (5,76 АЕК), екіншісі үшін – 18 061 теңге (6,81 АЕК), үшіншісі – 20 819 теңге (7,85 АЕК) ), төртінші және одан жоғары үшін – 23 603 теңге (8,9 АЕК).

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Қаһарман Ана» атағына ие болған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандарға кірісіне қарамай көп балалы аналарға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 16 973 теңгені құрайды.

Естеріңізге салсақ, өткен аптада сенат депутатары міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсындандыру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекетік-жеке меншік  әріптестік мәселелері туралы заң жобасын қабылдаған болатын. Құжат кәмелетке тлмаған 4 және одан да көп балалары бар отбасылар үшін жаңа жәрдеақы енгізуді қарастырады Аталмыш жәрдемақы отбасының табысына қарамастан, балалардың санына қарай, дифференцияланған түрде 42 мыңнан 73 мың теңгеге дейінгі сомада тағайындалатын болады.

 

Сондай-ақ оқыңыз