Жаңалықтар

Биыл ҚПЛ клубтарын қамтамасыз ету қазынаға қаншаға түсті?

Бюджеттен 30 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген

Қазақстан Премьер-лигасының 12 клубы маусым алдында жаттығу, қызметкерлердің жалақысы, жаттығу алаңдарын жалға алу, матчтарды ұйымдастыру және медициналық қызмет көрсету үшін, жалпы сомасы 29,292 млрд теңге қаржы сұраған. 

Соның ішінде, салық төлеушілер үшін ең  қымбатқа түскен клуб – шымкенттік «Ордабасы», олар 5 млрд теңге сұраған.  Ал ең аз қаржы сұраған алматылық «Қайрат» –  892 млн теңге.

ҚПЛ клубтарына 2019 жылы бюджеттен бөлінген қаржының толық кестесі:

1. «Ордабасы» – 5 млрд теңге
2. «Қайсар» – 4 млрд теңге
3. «Жетісу» – 3,3 млрд теңге
4. «Тобыл» – 3,1 млрд теңге
5. «Ақтөбе» – 2,4 млрд теңге
6. «Шахтер» – 2 млрд теңге
7. «Атырау», «Тараз», «Оқжетпес» – 1,9 млрд теңгеден
8. «Астана» – 1,7 млрд теңге
9. «Ертіс» – 1,2 млрд теңге
10. «Қайрат» – 892 млн теңге

Айта кетсек, «Астана» 2019 жылы Қазақстан премьер-лигасының чемпионы атанса, «Қайрат» клубы күміс медальді иеленіп, «Ордабасы» футболшылары үшінші орыннан көрінген. «Ақтөбе» және «Атырау»  ҚПЛ-дан шығып, олардың орнын «Каспий» және «Қызыл-Жар» клубтары басты.