Өзбекстандағы сайлауға дауыс берушілердің 70 пайызға жуығы қатысқан

Жарияланды
Дауыс беру барасында заң бұзылмаған

Ташкент уақытымен кеше сағат 18:00 жағдай бойынша, Өзбекстандағы парламенттік сайлауда 12 922 429 сайлаушы дауыс берген, бұл дауыс беру құқығына ие азаматтардың 68,7 пайызын құрайды. Бұл дерек Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) ресми Телеграмм-арнасында жарияланды.

Аймақтар бойынша алсақ, Қарақалпақстан тұрғындарының көпшілігі сайлауға қатысқан. Кешкі алтыға қарай, сайлаушылардың 73,1 пайыз дауыс беріп үлгеріпті. Екінші орында Әндіжан мен Наманган облыстары келеді, осы облыстардың дауыс құқығына ие тұрғындарының 72,9 пайызы сайлауға келген. Ал үшінші көрсеткіш Қашқадария облысына тиесілі – 72,4%. Өзбекстан астанасы – Ташкент қаласы сайлауға қатысу бойынша ең төменгі көрсеткішті иеленді. Ол жақта сайлаушылардың тек 57,3 пайызы дауыс берген. 

Сайлау барысында қандай да бір заң бұзылмаған. Орталық сайлау комиссиясының дерегі бойынша, дауыс берудің алдына ала нәтижесі барлық хатттамалар тексеріліп болған соң, шамамен, 23:00-ге таман шығады.

Сондай-ақ оқыңыз