Трамп Қытаймен сауда келісімін жасауға дайын екенін мәлімдеді

Жарияланды
Ол құжатқа өзінің Си Цзиньпинмен кездесуіне дейін қол қойылады, деп күтуде

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келісімі дайын, қазір тараптар құжаттарды аудару және рәсімдеу жұмыстарын атқаруда. Бұл турасында Интерфакс хабарлады. 

«Қытайға қатысты мәмілеге келетін болсақ, бізде келісімге қол қою рәсімі болады», – деп мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп Флоридадағы өзінің Мар-о-Лаго резиденциясында.

Трамп  АҚШ пен Қытай арасындағы аралық сауда келісіміне оның ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуіне дейін қол қойылады, деген сенімде.

Бұдан бұрын, осы айда Вашингтон мен Пекиннің Қытайдың америкалық ауыл шаруашылық өнімдерін, энерготасымалдаушылары мен өндірістік тауарларын сатып алуын қарастыратын аралық сауда мәмілесінің шарттары бойынша келісімге келгені белгілі болған-ды.

Осыған байланысты, Штаттар бұрын Қытай экспорты тауарларына 15-желтоқсаннан жылына  $160 млрд сомасындағы жоспарланған қосымша баж салығын енгізуден бас тартты. Бұдан бөлек, Вашингтон Қытай тауарларына 15% көлеміндегі жылына $120 млрд сомасында салынатын баж салығын екі есе қысқартуға келісті.  
 

 

Сондай-ақ оқыңыз