Қазақстанда Fokker 100 ұшақтарының ұшуына уақытша тыйым салынады
                    
                                                    Жарияланды 
                                            
                                                                        
                            (жаңартылды )
                            
                                                            
                
                
                                    
                        Алматы түбінде дәл осы ұшақ апатқа ұшыраған 
                    
                            Қазақстанда Fokker 100 ұшақтарының ұшуы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз-қызметі.
Алматы маңында дәл осы ұшақтың біреуі апатқа ұшырағаннан кейін тыйым салынып отыр.
«Мән-жәй егжей-тегжей анықталғанға дейін бұл ұшақтардың ұшуы тоқтатылды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін таңертең  Bek Air әуе компаниясының ұшағы Алматы маңында апатқа ұшырады. 9 адамның қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Ұшақ бортында 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.