Қазақстанда Fokker 100 ұшақтарының ұшуы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз-қызметі.
Алматы маңында дәл осы ұшақтың біреуі апатқа ұшырағаннан кейін тыйым салынып отыр.
«Мән-жәй егжей-тегжей анықталғанға дейін бұл ұшақтардың ұшуы тоқтатылды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін таңертең Bek Air әуе компаниясының ұшағы Алматы маңында апатқа ұшырады. 9 адамның қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Ұшақ бортында 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.