Ұшақ апаты салдарынан ауруханаға 66 адам жеткізілген
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Тілеухан Әбілдаев ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді деп хабарлайды Kursiv.kz тілшісі.
Оның айтуынша, қазіргі кезде қаза тапқандардың саны 15-ке жеткен (бұған дейін 14 адамның қайтыс болған хабарланған еді).
Ауруханаға 66 адам жеткізілген. Олардың алтауының жағдайы өте ауыр.
Зардап шеккендердің арасында 8 бала бар, бәрі есін біледі, алған жарақаттары өмірлеріне қауіп төндіріп тұрған жоқ.
Еске сала кетейік, 27 желтоқсан күні таңертең Bek Air әуе компаниясының Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған ұшағы Алматы маңында апатқа ұшырады. Таңғы 07:22 кезінде № Z2100 рейсті ұшақ көтерілу биіктігін жоғалтып, бетон қоршауды бұзып, екі қабатты үймен соқтығысқан. Ұшақ бортында 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.