Ұшақ апатынан қайтыс болғандардың саны 9-ға жетті
                    
                                                    Жарияланды 
                                            
                                                                        
                            (жаңартылды )
                            
                                                            
                
                
                                    
                        Зардап шеккендердің арасында балалар да бар 
                    
                            Алматы – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшқан «Бэк эйр» авиакомпаниясы ұшағының құлауы салдарынан 9 адам қаза тауып, тағы 9 адам зардап шекті, олардың арасында балалар да бар, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі.
««Алдын ала мәлімет бойынша, 9 адам қаза тапты, тағы 9 адам жарақат алды, оның ішінде, 6 бала бар», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 27-жетоқсан күні таңертең Bek Air әуе компаниясының Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған ұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша ұшақ бортында 95 жолаушы мен  5 экипаж мүшесі болған.