Активтердің сапасын бағалау (asset quality review, AQR) Қазақстанның банк секторында оң динамика барын анықтады. Алматыда өткен брифингте ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрайымының бірінші орынбасары Олег Смоляков осылай деп мәлімдеді.
Сарапшылар AQR бағдарламасына 100-ден аса портфельді қосқан. Ұлттық банк қызметкерлері мен сарапшылары 6 мыңнан аса борышкер мен жалпы құны 2 трлн теңгеден асатын, кепілмен қамтамасыз етілген 7 мың неси ық нормативтері AQR бағдарламасының нәтижелерін ескере отырып, жүйелі деңгейде еге талдау жүргізді.
«Ұжымдық қорландыруды талдау аясында қосымша 8,5 млн қарыз алушы бойынша талдау жүргізілді. Жалпы, AQR аясында несие бойынша 1,9 миллардтан астам деректер жиналып, өңделді. Бірінші сәуірдегі жағдай бойынша, капитал тапшылығы байқалмайды. K1 және k2 пруденциялары орындалады», – деп мәлімдеді Олег Смоляков.
Шоғырландырылған деңгейде алсақ, K1 капиталының реттеуші минимумына қатысты өсімі AQR барысында активтердің сапасы мен қаржы құралдарын қайта бағалаудан қосымша түзету деңгейін ескере отырып, 70%-ды құраған.
«Қатысушы банктер бойынша негізгі капиталдың нақты деңгейі 2019 жылғы 1-сәуірде 2 трлн 378 млрд теңге немесе активтердің 11,2%-ын құрады. AQR нәтижесі, яғни, тәуекелдерді жабу үшін қажет қосымша негізгі капитал, активтердің 3 пайызына немесе AQR-ге қатысқан 14 банк үшін 450 млрд теңгеге бағаланады»,– деп түсіндірді спикер.
AQR нәтижесі бойынша, к2 пруденциялық капитал қоры жүйелі деңгейде тәуекелдерді толық жабуға жетеді екен.
«Осы орайда, AQR нәтижесі банк капиталына немесе олардың қаржылық есептілігіне әсер етуі міндетті емес екенін айтып өткім келеді», – деді спикер.
Олег Смоляков қазірдің өзінде банктерге ішкі саясатты жақсарту бойынша ұсыныстар жіберілгенін айтып өтті.
Бұл процесс 2020 жылдың 1-қаңтарында басталып, сол жылдың 15-ақпанына дейін аяқталады деп күтілуде.
AQR – бұл банктердің капитал қажеттілігін анықтауға мүмкіндік беретін тексеріс, ол банк қоржынының сапасына баға береді, несие беру тәжірибесін талдайды. Аталмыш ауқымды тексеруден Халық банкі, Сбербанк, Kaspi, Forte, БЦК, АТФ банкі, Еуразиялық банк, Jýsan Bank, Bank RBK, Альфа-Банк, Altyn Bank, Нұрбанк, Хоум Кредит және ВТБ банкі өткен.