Ұшақ апаты: Bek Air компаниясы өз нұсқасын айтты
Жарияланды
Ерік Сапаровтың пікірінше, ұшақтың құлауына өзге әуе кемесі қалдырған із себеп болуы мүмкін
Fokker-100 ұшағының құлауына өзге әуе кемесінің бұл ұшардан бір минут бұрын қалдырып кеткен ілеспе ізі себеп болуы мүмкін деп санайды Bek Air компаниясы ұшу қызметінің директоры Ерік Сапаров.
Бұл туралы Интерфакс агенттігі хабарлады.
«Ұшақтың артында әрқашан ілеспе із қалады. (…) Fokker-100 бен алдыңғы ұшақтың арасы 1 минут болды. Airbas ұшағы 07:19-да ұшса, біздікі 07:20-да ұшты», – деген Сапаров дәл осы ізге түсуі Fokker-100-дің апатқа ұшырауына себеп болуы мүмкін деп нақтылап өтті.
Айта кетейік, Bek Air әуе компаниясының ұшағы 27 желтоқсан күні таңертең Алматы маңында апатқа ұшыраған еді.