Жаңалықтар

Жанжалдан кейін қызметінен кеткен генерал Маңғыстау әкімінің кеңесшісі болды

Сегіз ай өткен соң, ол мемлекеттік қызметке қайта оралды

Аян Дуйсембаев Маңғыстауоблысының әкімі Серікбай Тұрымовтың кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл турасында өңір әкімдігінің ресми сайты хабарлайды 

Дүйсембаев мырза еңбек жолын 1991 жылы Атырау облысында Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы қызметінен бастаған. 1993-1995 жылдары Қазақ дене шынықтыру және спорт институтында мұғалім болды. Одан кейін, кәсіпкерлікпен айналысты.

1999-2019 жылдар аралығында Ішкі істер органдарында қызмет етті: Алматы, Астана, Атырау қалаларының Жедел басқармалар бастығы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде департамент бастығы, кейін Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы болды. 

Ағымдағы жылғы мамырдың басында әлеуметтік желілерде Атырау облысының бас полицейі Аян Дүйсенбаевтың өзіне тарту еткен атқа мініп, айналысындағылардың құрмет-қошметімен жүріп өткен бейне жазбасы тараған болатын. Содан кейін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа бейне жазбадағы кейіпкерге, оның «ерсі қылығына» қатысты қызметтік тексеріс жүргізуді тапсырған болатын. Тексеріс нәтижелері бойынша ішкі істер министрі Дүйсембаевты қызметтен босату утралы ұсыным енгізген болатын.

Мамырдың соңында ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Дүйсембаевты қызметтен босатуға қызметтік көлікті мақсатсыз пайдалану, қызметтің күшейтілген тәртібіне көшірілген кезде жұмыс орнын тастап кету, басқа басшылардың назарын қызметтен басқа жаққа аударудың негіз болғаны туралы мәлімдеген болатын-ды.

«Комиссия мен өзәім басқардым. 17-мамырда біз тәртіп комиссиясының отырысын өткіздік, оның қорытындысы бойынша министрге Атырау облысы Полиция департаментінің басшысы лауазымынан босатылуға лайық деген ұсыным енгіздік. Тексеріс барысында 11-мамырда, қызметтің күшейтілген тәртібі кезінде, оның Атыраудан 300 километр жердегі өзінің туған ауылына кеткені анықталды. Ол аз болса, өзі жетекшілік ететін бөлімшедегі бірнеше басшылар үшін екінші қызметтік автомашинаны алып кеткен. Дүйсембаев ол жақта мерекелік шара ұйымдастырылып жатқанын алдын ала білген. Ал ол жақта, өздеріңіз көргендей, оған ат мінгізіп, шапан жапқан. Атты ол кейін қайтарып берді. Оның өзі айтқандай, бұл жәй ғана ниет білдіру ишарасы болғани екен», – деген-ді сол кезде Калайчиди мырза.