Белгілі қазақстандық оппозиционер Серікболсын Әбділдин қайтыс болды

Жарияланды
Ол 82 жаста болатын

ҚР Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы төрағасы, Қазақстан Компартиясының экс-көшбасшысы Серікболсын Әбділдин дүниеден озды. Бұл турасында өзінің Facebookтегі парақшасында саясаткер Ермұрат Бапи хабарлады. 

Әбділдин мырза 1937 жылы Семей облысында дүниеге клеген болатын. Ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін совхозда бас агроном, экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастырудың ҚазҒЗИ-да ғылыми қызметкер болып еңбек етті.  60- шы жылдардың соңында ҚазКСР-дің Мемлекеттік жоспарлау комитетіне қызметке ауысып, ол жерде осы ведомство төрағасының орынбасары лауазымына дейін көтерілді.   
1981 жылдан Казақ КСР-і Коммунистік партиясы Орталық комитетінің мүшесі болды. 80-ші жылдарда ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, республиканың Мемлекеттік агроөнеркәсіп кешені төрағасының бірінші орынбасары лауазымдарында болды. 91-ші жылға дейін Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің Мәскеудегі КСРО Министрлері Кеңесі жанындағы тұрақты өкілі – Өазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төрағасының орынбасары болды. 

Екі жыл (1991 жылғы 16-қазаннан  1993 жылғы желтоқсанға дейін) ҚР Жоғарғы Кеңесін басқарды. 1994 жылдан Әбділдин сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевпен тіл табыспай, оппозицияға кетеді. 

1996 жылғы сәуірде Қазақстан Компартиясының басшылығына келді. 1999 жылғы президент сайлауында дауысқа түсті. Сайлау қорытындылары бойынша, ол сайлаушылар дауысының 12 пайызын жинап, екінші орынға табан тіреді. 

 

Сондай-ақ оқыңыз