Жаңалықтар

Трамп 52 нысанға соққы берем деп, Иранға сес көрсетуде

Егер ол Сүлейманидың қазасы үшін кек алатын болса

АҚШ президенті Дональд Трамп, егер американдықтарға шабуыл жасалатын болса, Ирандағы 52 нысанға, мәдени нысандарды қоса алғанда, «тез және күшті» соққы беруді уәде етті, деп жазады РИА Новости.

«Бұл ескерту болсын, егер Иран американдықтарға немесе американдық мүлікке соққы беретін болса, біз Ирандағы 52 нысанды (көп жыл бұрын Иранның 52 американдықты кепілге алуына сәйкес) нысанаға алып отырмыз, олардың кейбіреуі жоғары деңгейдегі әрі Иран және ирандық мәдениет үшін маңызы зор нысандар, міне, осы нысаналар, Иранның өзі сияқты, тез әрі күшті соққыға ұшырайды. АҚШ бұдан ары қандай да бір сес көрсеткенді қаламайды», – деп жазды Трамп Twitterде. 

Президент Иранның Бағдадта өлтірілген генерал Касем Сүлеймани үшін кек алатыны жөніндегі сес көрсетулерін сынап тастады. Трамп оны «лаңкестердің көшбасшысы» деп, атаған болатын.

Трамп, 52 американдық туралы сөз қозғағанда, ислам революциясынан кейін Иранда қалған отандастарын меңзеген болатын. Ол кезде АҚШ-тан шах Мохаммед Рез Пехлевиді беруді талап еткен дер 1979 жылғы қарашада АҚШ-тың Тегерандағы елшілігін басып алып, 66 адамды кепілдік алған еді, ұзамай олардың 13-і босатылса, кепілге алынған 52 адам тұтқында 444 күн болып, бостандыққа тек 1981 жылы шыққан болатын.

Генерал Сүлеймани 3-қаңтарда Бағдадтың халықаралық әуежайына зымырандық соққы беру кезінде қазаға ұшыраған-ды. Пентагондағылар «Кудс» Ислам революциясы сақшылары корпусының басшысын жою жөніндегі әскери операция президент Дональд Трамптың жеке нұсқауы бойынша жүзеге асырылғанын хабарлады.