2014 жылдан бері Иран мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы үш есе қысқарған. Оны ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статитика комитетінің мәліметтерінен байқауға болады. Егер бес жыл бұрын екі ел арасындағы өзара сауда $1 млрдты құраса, 2019 жылғы жағдай бойынша, ол $302 млн-ға дейін құлдыраған.
Осы мерзімде мемлекеттер $3,5 млрд-қа жуық сомаға сауда жасаған. Атап айтарлығы, ирандық импорттың үлесі $416 млн-ды құраса, Қазақстан Иранға $3,08 млрд сомасындағы тауарлар мен қызметтерді экспорттаған.
Екі ел арасындағы сауданың шыңырауы 2014 жылға тиесілі. Он екі айдан кейін тауар айналымы үштен бірге дерлік – $636 млн-ға дейін қысқарған. 2016-2017 жылдарда өзара сауда көлемі $560-$590 млн деңгейінде тұрса, 2018 жылға қарай, ол $422 млн-ға дейін қысқарған.
Қазақстанның жалпы сыртқы саудасында Иранның үлесіне жылға қарай, 0,5-тен 1%-ға дейін келеді.
Қазақстандық экспорттың негізі – металлопрокат, ет және түрлі дәнді дақылдар. Ираннан құрма, жаңғақтар, пластмасса және тағы басқалары экспортталады.
Бұдан бұрын сарапшылар екі ел арасындағы тауар айналымы көлемінің құлдырауын Иранға қарсы американдық санкциялардың қайта жандануымен түсіндірген болатын.