Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайынан ұшқан «Украина әуе жолдары» авиакомпаниясының Boeing 737 лайнері ұзамай апатқа ұшырады, деп хабарлайды ISNA.
Flightradar24 сайтының деректері бойынша, Нұр-Сұлтан уақытымен 09:24-те Тегераннан Киевке бағыт алған PS752 рейсі аспанға көтерілген соң, ұзамай, радар экрандарынан жоғалып кеткен. Халықаралық БАҚ апатқа себеп болуы мүмкін нұсқалардың бірі ретінде ұшақтың техникалық ақауларын атауда.
Ұшақ бортында 180 жолаушының болғаны айтылуда. Әуежай басшысы оқиғаның орын алғаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Tasnim.