Жаңалықтар

Украиналық ұшақтың Иранда неліктен апатқы ұшырағаны белгілі болды

Ұшу кезінде ұшақтың қозғалтқышы отқа оранған

Тегеран әужайы маңында апатқа ұшыраған украиндық авикомпания ұшағының құлауына қозғалтқыштан шыққан өрт себеп болды деп хабарлады әуежай өкіліне сілтеме жасаған Иранның IRNA ақпараттық агенттігі. Бұл турасында Интерфакс-Казахстан жазды.

Хабарламада қозғалтқыштың өртенуіне техникалық ақаулардың себеп болғаны атап көрсетілген.

Украина халықаралық әу жолдарының (УХӘЖ) Boeing 737-800 ұшағы сәрсенбідегі таңда Тегерандағы имам Хомейни атындағы халықаралық әуежай маңында апатқа ұшыраған болатын. Расталған мәліметтер бойынша ұшақ бортында 167 жолашы – әлемдегі түрлі мемлекеттердің өкілдері – және экипаждың тоғыз мүшесі болған, деп хабарлайды Иран билігіне сілтеме жасаған БАҚ. Олардың барлығы қаза тапты. 

Лайнер аспанға көтерілген соң, екі минуттан кейін байланысқа шығуды үзген, ол Тегеран-Киев рейсін орындаған.