Жаңалықтар

Қазақстан жүргізуші куәлігінің ескі үлгісіне оралмақ

Оларды 2020 жылғы 1-наурызға дейін беру жоспарланған

Жүргізуші куәлігінің және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы ішкі істер министрі бұйрықтарының әрекеттерін уақытша тоқтата тұру туралы бұйрықтың жобасы жария талқылау мақсатында ашық құқықтық-нормативтік актілер порталында жарияланған.

Құжатта атап өтілгендей, ішкі істер министрінің міндетін атқарушы (министрдің бірінші орынбасары) Марат Қожаев қол қойған б ұйрық 2019 жылғы 31-желтоқсаннан күшіне енеді және ресми түрде жариялануға тиіс. 

Бұдан бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» ҰАҚ ІшкіІсМиннің жаңа ақпараттық жүйесіндегі ақауларға байланысты 2020 жылғы 6-қаңтарда авто-ХҚКО  жұмыс істемейтіндігін хабарлаған болатын. 

Аталмыш жаңалық құжаттарды дайындаудың бірыңғай өндірістік стандартына көшуге мүмкіндік береді. Жаңа үлгідегі құжаттарда штрих-код түріндегі қосымша қорғаныс пайда болады, сондай-ақ көлік құралын тіркеу жөніндегі куәліктің түсі өзгеріп, оның бояуы неғұрлым қою болады.

Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігіндегілер бұрын берілген жүргізуші және көлік құралын тіркеу жөніндегі куәліктерді ауыстырудың қажеті жоқ екенін атап өтті: олар өзі қызмет көрсететін мерзімде жарамды болып қала береді (жүргізуші куәлігі берілген күннен бастап 10 жыл мерзімінде, ал көлікті тіркеу жөніндегі куәлік – келесі жолғы берілгенге дейін).

Аталған құжаттарды бергенге төленетін мемлекеттік баждың мөлшері өзгермейді, олар айлық есептік көрсеткіштің 1,25 құрайды (3314 теңге, 1 АЕК = 2651 теңге).