Жаңалықтар

Украиналық Boeing-тің апаты туралы алдын ала жасалған есеп жарияланды

Оған сәйкес, лайнер жермен қақтығысқанға дейін отқа оранған

Иранның Азаматтық авиация ұйымының есебінде «Украина халықаралық әуе жолдары» авиакомпаниясының апатқа ұшыраған Boeing 737 лайнерінің ұшқыштары штаттан тыс жағдайдың орын алғаны туралы хабарлаған жоқ делінген.  

Құжатқа сәйкес, Boeing жермен қақтығысқа дейін отқа оранған.Ұшақ ұшуының траекториясы ақау пайда болған соң, ұшқыштардың оны әуежайға қарай, кері бұрғанын көрсетеді. Атап айтарлығы, экипаж бортта орын алған штаттан тыс жағдай туралы хабарламаған. 

Естеріңізге салсақ, Тегеран-Киев бағытындағы рейсті орындаған Boeing 737-800 ұшағы имам Хомейни атындағы әуежайдан аспанға көтерілгеннен кейін, ұзамай апатқа ұшырады.

Апат салдарынан, 176 адам қаза болды. Алдын ала алынған мәліметтер бойынша, апатқа қозғалтқыштағы авария себеп болған.