Esentai Mall сауда орталығының қызметкерлері мен келушілерін қайтадан ішке кіргізді.
Алматы полициясы департаментінің мәліметтері бойынша, барлық жедел қызметтер жедел жеткен орталықта бомба ізделген. 10-қаңтарда белгісіз тұлға Mamma Mia пиццериясының миналанғаны туралы хабарлаған.
Алайда алынған ақпарат расталмады, ғимарат тексеруден өткен соң, полиция дабылдың күшін жойып, көшіруді тоқтатты.
Естеріңізге салсақ, осыдан сәл бұрын, дауысты байланыс арқылы сауда орталығының қызметкерлері мен келушілеріне ғимараттан шығу туралы өтініш жасалған болатын. Esentai Mall қоршау,а алынып, ал адамдарға сауда орталы,ы ғимаратынан қауіпсіз қашықта болу жөнінде өтініш жасалған-ды.