Жаңалықтар

АҚШ талибтермен мәмілеге келмек

Ол 2020 жылы жүзеге асырылмақ

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Роберт О’Брайен АҚШ президенті Дональд Трамптың биыл талибтермен мәмілеге келуі мүмкін деп мәлімдеді, тіпті, мәміле жасалмаса да, Вашингтон Ауғаныстандағы контингентті қысқартуға ниетті, деп хабарлайды РИА Новости.

«Ауған күштері қазір өз міндеттерін жақсы атқаруда, сондықтан уақыт өте келе, біз келісіммен немесе келісімсіз, әскери қатысуымызды қысқартамыз, деп ойлаймын», – деп мәлімдеді О’Брайен  Axios порталына берген сұқбатында.

Трамп АҚШ президенті сайлауына дейін «Талибан» қозғалысымен мәміле жасауға ниетті ме, деген сұраққа жауап берген О’Брайен, ол биыл орын алуы мүмкін екенін мәлім етті.

Бұдан бұрын, АҚШ-тың Ауғаныстан бойынша өкілі Залмай Халилзад және талибтердің Дохадағы саяси офисінің делегациясы сегіз раундқа созылған келіссөздердің қорытындылары бойынша бейбітшілік туралы келісім жобасына келіскен болатын, ол оқ атуда тоқтатуды, шетелдік әскерлерді Ауғаныстаннан шығаруды және бейбітшілік туралы жалпы ауғанаралық келіссөздердің басталуын қарастырады. Бұрыннан күтілгендей, үкімет пен талибтер арасындағы келіссөздер Ослода өтетін болады. Алайда талибтер тарапынан Кабулда  жасалған  терактілер сериясы салдарынан, басқалармен бірге американдық әскерилер де зардап шеккеннен кейін, президент Дональд Трамп «Талибанмен» келіссөздерді тоқтатуға және қол қойылған келісімнің күшін жою жөнінде өкім етті.