2019 жылы мемлекеттік бюджетке триллиондаған теңге түскен
2019 жылғы он бір айда мемлекеттік бюджетке жалпы сомасы 11,5 трлн теңге табыс түскен — бұл бір жыл бұрынғы тиісті мерзімдегіден (10 трлн тг) 15,5%-ға артық, деп хабарлайды Finprom.kz.
Трансферттерді есептемегендегі табыстар сомасы 8,5 трлн теңгені құрады, бір жылда ол 15,3%-ға артқан. Мемлекеттік бюджеттің табыстары жоспардағыдан 101,3%-ға, жергілікті бюджеттердікі — 104,1%-ға артық орындалған. Республикалық бюджеттің таза табыстары 6,2 трлн теңгені құрады.
Табыстардың ұлғаюына салық түсімдерінің бір жылда 14,7%-ға артып, 8,2 трлн теңгеге (бір жыл бұрын — 7,1 трлн теңге болған) дейін жетуі көмектесті. ҚР Қаржы министрлігінің мәліметтері бойынша, Салық түсімдері қарқынының өсуіне негізінен ішкі өндіріс тауарларының қосымша құнына салынатын салық, копоративтік табыс салығы мен халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға салынатын салық есебінен қамтамасыз етілді.
Салық түсімдерінің ұлғаюына салық-кедендік әкімшіліктендіруді жақсартумен қатар, 2019 жылғы қаңтар-қазан аралығында, алдыңғы жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, экономиканың келесі секторларындағы тауар өндіру мен қызмет көрсетудің ұлғаюы әсер еткен: құрылыс — 2018 жылғы көрсеткіштің 112,7%, сауда — 107,5%, көлік — 105,6%, байланыс — 104,5%, өнеркәсіп — 103,5%.