Апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының өздігінен жазу құралдары оқылды

Жарияланды (жаңартылды )
Бұдан бұрын, апаттың ықтимал себебі айтылған-ды

Мемлекетаралық авиация комитеті апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының өздігінен жазу құралдарын оқуды аяқтады.

«Мемлекетаралық авиация комитетінің (МАК) ғылыми-техникалық орталығында авиациалық оқиға орнынан табылған борттағы өздігінен жазу құралдары жазбаларын оқу кілттерін табу жөніндегі жұмыстар орындалды. Барлық ақпарат тексеру жүргізу жөніндегі комиссияға берілді. Осы ақпараттың алдын ала жасалған сараптамасы оқиға хронологиясын қалпына келтіруге және авиациалық оқиға себептерінің басымды нұсқасын анықтауға мүмкіндік берді», – деп хабарлады МАК-тың баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар, авиациялық оқиғаны тексеруге Fokker-100 (Нидерланды) ұшағын дайындаушының өкілі мен кеңесшілері қатысуда.

Комитет апатты тексеру жөніндегі үкіметтік комиссияның жұмысына белсенді қатысып, қажетті ғылыми-техникалық қолдауды көрсетіп отырғанын хабарлады.

«Бек Эйр» авиакомпаниясының Fokker-100 жолаушылар ұшағы 2019 жылғы 27-қаңтарда (07.22, Алматы – Нұр-Сұлтан бағытындағы №Z2100 рейсі) Алматы маңында аспанға көтерілісімен бірден апатқа ұшырады. Апат салдарынан 12 адам қаза болды, оның ішінде экипаж командирі бар, 49 адам зардап шеккен. Әуе кемесінің бортында 93 жолашы және экипаждың 5 мүшесі болған. Апаттың алдын ала себебі – мұз қату.

 

Сондай-ақ оқыңыз