Иранда Boeing ұшағының апатына күдіктілер тұтқындалды

Жарияланды
Бұдан бұрын ел президенті кінәлілерді жазалауға уәде берген-ді

Иранда украиналық Boeing ұшағының апатына алғашқы күдіктілер тұтқынға алынды, деп хабарлайды Иран сот билігінің өкілі Голамхосейн Эсмаилиге сілтеме жасаған Reuters.

Тұтқынға алынған Иран әскерилерінің саны айтылмайды. Сонымен қатар, істің мән-жайы туралы басқа да мәліметтер келтірілмеген. 

Бұған біздің қосарымыз, бұдан бұрын Ирандағы Ислам революциясы жасақшылары корпусының (ИРЖК) қолбасшысы Хосейн Салами атып құлатылған ұшақ үшін кешірім сұраған-ды.

Иран президенті  Хасан Рухани кінәлілерді жазалауды уәде еткен-ді.

«Украина халықаралық әуе жолдары» компаниясының Boeing 737 ұшағы 8-қаңтарда Тегеран әуежайынан ұшқаннан кейін, бірнеше минут өткенде апатқа ұшыраған болатын. Соның салдарынан, 176 адам – Ауғаныстан, Германия, Иран, Канада, Украина, Великобритания және Швеция азаматтары – қаза болды.

Сондай-ақ оқыңыз