Bek Air басшысы екінші пилоттың қатесі туралы айтты

Жарияланды
Және ол комиссияның алдын ала нұсқасымен келісті

Bek Air басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов үкіметтік комиссияның алдын ала нұсқасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Интерфакс».

«Иә, мен келісемін. Бұл нұсқа әуе кемесіне сыртқы әсердің болғанын растайды», – деп мәлімдеді Жұмасұлтанов.

Сонымен қатар, ол әуе кемесін мұз қатуға қарсы сұйықпен өңдеу туралы шешімді әуе кемесінің командирі қабылдайды дегенді қосты.

«Егер командир ұшақтың қанатын өңдемесе, оның бұған өз уәжі болған, яғни қанат таза әрі құрғақ болған. Командир шешімді өзі қабылдайды, принимает решение, бұл шешімдерді қабылдауда ол тәуелсіз, оған қысым көрсетуге ешкімнің құқығы жоқ», – деді сөзін нақтылаған ол.

Осы орайда, Жұмасұлтанов екінші пилотты жауапкершліктен босатпайтыны туралы да айтты.

«Қозғалтқыштың жұмыс режимін төмендеткенде, екінші пилот қателііке жол берген», – деп мәлімдеді авиакомпания басшысы.

«Бек Эйр» авиакомпаниясының Fokker-100 жолаушылар ұшағы 2019 жылғы 27-қаңтарда (07.22, Алматы – Нұр-Сұлтан бағытындағы №Z2100 рейсі) Алматы маңында аспанға көтерілісімен бірден апатқа ұшырады. Апат салдарынан 12 адам қаза болды, оның ішінде экипаж командирі бар, 49 адам зардап шеккен. Әуе кемесінің бортында 93 жолашы және экипаждың 5 мүшесі болған. Апаттың алдын ала себебі – мұз қату.

Сондай-ақ оқыңыз