Жаңалықтар

Беларусь Қазақстанға мұнай сатып алу туралы ұсыныс жасады

Минск билігі РФ-мен әріптестіктің тиімсіз екенін айтты

Беларусь жеті елге мұнай сатып алу туралы ұсыныс жолдады, деп хабарлайды БелТа.

«Біз тиісті коммерциялық ұсыныстарды жолдадық. Біздің зауыттардың, Беларусь мұнай компаниясының барлық коммерциялық қызметтері күнделікті келіссөздер жүргізу режимінде жұмыс істеп жатыр. Менің ойымша, жақында біз бұл жерде нақты мұнай жеткізудің балама нұсқаларын аламыз. Барлық мүмкін елдер: Украина, Польша, Балтия елдері, Қазақстан, Әзірбайжан қамтылды. Қазір біз осы мәселемен айналысып жатырмыз», – деп мәлімдеді елдің бірінші вице-премьері Дмитрий Крутой.

Ол ресейлік мұнайды сатып алу – экономикалық тұрғыдан тиімсіз екенін атап өтті.

«Біз бұрынғыдай, салық маневрін жүзеге асыру және жыл сайын Беларусь үшін мұнай бағасын ұлғайту жағдайында, кедендік бажды азайту есебінен ресейлік мұнай компанияларына 2011 жылы келісілген мөлшерде сыйлық төлеудің ешқандай мағынасы жоқ деген ұстанымдамыз. Бұл экономикалық тұрғыдан тиімсіз», – деді Крутой.

2019 жылғы желтоқсанның соңында Беларусь президенті Александр Лукашенко 2020 жылы республика Ресейден былтырғыдан қымбат емес бағамен, шамамен, 22 млрд кубометр газа және 24-25 млн тонна мұнай сатып алады, деп мәлімдеген-ді. Бұдан бұрын 24 млн тонна көлемінде мұнай жеткізу балансына қол қойылған болатын. Алайда 1-қаңтарға қарай, жеткізу конрактілеріне сол қалпында қой қойылмады.