Өзбекстанда бес жұлдызды отель жекешелендірілмекші
Өзбекстанда елдегі бес жұлдызды отелдердің бірі – Hyatt Regency Tashkent жекешелендірілмекші. Бұл турасында ел президентінде өткен Біріккен араб әмірліктеріне және Жапонияға жасалған сапарлар барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруға арналған мәжілісте белгілі болды.
Президенттің баспасөз қызметі хабарлағандай, Hyatt Regency Tashkent қонақ үйін жарғылық капиталы $1 млрд құрайтын The Abu Dhabi Uzbek Fund инвестициялық қоры жекешелендірмекші. Қордың қаржысына Самарқандтан тағы бір қонақ үйі салынады.
Естеріңізге салсақ, Hyatt Regency қонақ үйінің құрылысы 2016 жылы аяқталған-ды. Сегіз қабатты отельде 300 номер бар.Олардың ішінде –38 апартаменттер, сегіз эксклюзивті және бес дипломатиялық номер, сондай-ақ президенттік бір люкс бар. Бұдан бұрын отель құрылысына $205 млн жұмсалғаны хабарланған болатын. 2015 жылы құрылысты аяқтау үшін Халық банктің Жинақтаушы зейнетақы жүйесі қаржысынан 100 млрд сум (сол кездегі бағаммен $37,9 млн) бөлінген болатын. Заем бес жылға жылдық 10%-дық үстемемен берілген-ді.
Бұдан бұрын «Курсив» хабарлағандай, қазіргі таңда Өзбекстанда қонақ үй номерлеріне деген сұраныс артып келеді. Мемлекеттік туризм комитетінің мәліметтері бойынша, ел астанасындағы қонақ үйлеріне келетіндердің көптігі 85,7%-ды құрайды.