Қалмұқанбет Қасымов жаңа қызметке тағайындалды
Жарияланды
Ол Мемлекеттік күзет қызметінің басшы атанды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұқанбет Қасымовты республиканың Мемлекеттік күзет қызметінің басшы етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
«Қасымов Калмұқанбет Нұрмұқанбетұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы болып тағайындалсын», – делінген жарлықта.
Бұрын осы лауазымда болған Әнуар Садықұлов «басқа жұмысқа ауысуына байланысты» президенттің өкімімен қызметінен босатылды.
Қалмұқанбет Қасымов 2018 жылғы ақпаннан президент көмекшісі-Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болған-ды. Оған дейін бірнеше жыл Қазақстан ішкі істер министрі болып қызмет атқарды.